Малайзия жағалауында кеме апатынан қаза тапқан 20 адамның денесі табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар 20 индонезиялық заңсыз мигранттың мәйітін тапты. Олар Малайзия жағалауында кеменің апатқа ұшырауынан қаза тапты. Бұл туралы сингапурлық «Нью Стрейтс таймс» газетінен хабарланды.
None
None

Порт-Кланг қаласы полициясының ақпаратынша, жергілікті тұрғындар шамамен 10 адамды құтқарды. Сонымен қатар заңсыз 15 мигрант құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Билік кемеде қаза тапқандардың санын нақты анықтай алмай отыр. Соңғы ақпарат бойынша, кеме бортында шамамен 70 адам болған.

Апат Селангор штаты жағалауынан 37 шақырым жерде орын алды. Іздеу-құтқару шарасына бірнеше кеме, соның ішінде ӘТК кемелері, әскери авиация тартылды, деп хабарлады ТАСС.

Соңғы жаңалықтар