Малайзия жағалауында теңіз қарақшылары танкерге шабуыл жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзияның шығыс жағалауына жақын жерде теңіз қарақшылары танкерге шабуылдады. Қарулы адамдар тобы кемені басып алып, оның бағытын өзгертті.

  Малайзия жағалауында теңіз қарақшылары танкерге шабуыл жасады

Біраз уақыттан кейін танкерге басқа кеме келіп ондағы мұнайды құйып алған.

Теңіз қарақшылары экипаждың жеке заттарын тонап, борттағы байланыс құралдарын жойды. Кеме ішінде болған 18 мүшенің ешқайсысы зардап шеккен жоқ, - деп хабарлады ТАСС.

Шабуылдан кейін қылмыскерлер Оңтүстік Қытай теңізінде орналасқан индонезиялық архипелаг Анамабас жағына бет алды. Индонезияның жағалау күзет қызметіне болған оқиға хабарланды, алайда әзірге бұл еш нәтиже бермей отыр.