Малайзия жоғалған Boeing 777 ұшағының табылатынына үмітті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзия Үнді мұхитында жоғалып кеткен Boeing 777 әуе кемесін іздеу жұмыстарын тоқтатпайтын болды, деп хабарлайды Вести.ru.
Малайзия Қорғаныс министрі Хишамуддин Хусейн Австралияға барып, іздеу опрециясы жұмыстарымен айналысатыны белгілі болды, делінген мақалада.
Еске сала кетейік, 8 наурыз күні 239 жолаушысы бар Boeing 777 әуе кемесі Куала-Лумпурден Бейжіңге ұшып шығып, 2 сағаттан кейін жоғалып кеткен болатын.