Малайзияда Boeing 777 ұшағының жоғалып кетуі жағдайын тексеру туралы баяндама жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзия билігі бортында 227 жолаушы болған Boeing 777-200 ұшағының жоғалып кетуі жағдайын тексерудің алдын ала нәтижелері туралы баяндаманы жариялады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Бес беттік құжаттың көшірмесі электрондық поштамен БАҚ-қа, сондай-ақ саланың дамуына бақылауды жүзеге асыратын Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ICAO) жберілді.
9 сәуір күнімен белгіленген баяндамада мұндай қайғылы оқиға қайталанбауы үшін ұшақтарды нақты уақытпен бақылап отыру жүйесін енгізу қажеттігі көрсетілген.
Boeing 777-200 7 наурызда Куала-Лумпур бағытымен рейске шыққан. Оның бортында 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған. Ұшақпен байланыс Малайзия астанасынан ұшып шыққаннан кейін шамамен екі сағаттан соң үзілген. 24 наурызда авиакомпания ұшақ бортындағы барлық адамдардың қазаға ұшырағаны туралы мәлімдеме таратты.