Малайзияда дүкеннің жанынан қолтырауынды ұстап алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзияның Саравак штатына қарасты Лимбанг қаласында алып қолтырауын жергілікті тұрғындардың бірінің дүкеніне жорғалап келген. Жыртқышты ұстау үшін тұрғындар өрт сөндірушілерді шақырды, деп жазады korrespondent.net.
Өрт сөндірушілерге бауырымен жорғалаушыны ұстау оңайға соққан жоқ. Осы оқиға жөніндегі бейнероликте қолтырауынның оны арқанмен байламақ болған кезде айбат шегіп, құрықтан аман шыққандығын көруге болады. Сондай-ақ жыртықштың бетіне жамылғы жаппақ болған өрт сөндірушілердің бұл әрекеті де нәтижесіз болды.
Бейнекөріністің авторының айтуынша, өрт сөндірушілер қолтырауынды ұстауға 1 сағатқа жуық уақыт жұмсаған. Ақыр соңында оны жүк көлігіне тиеп, жыртқыш өзі келген жергілікті өзендердің біріне жеткізілді.
Қолтырауынның қалаға дейін кіріп кеткен кезі бірінші рет болған.