04:20, 13 Қазан 2012 | GMT +5
Малайзияда ер адамдарға әйелдердің киімін киюге тыйым салынды
АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - «Малайзиядағы сот ер адамдарға әйелдердің киімін киюге тыйым салатын шариғаттың талабын заңмен бекітті» деп хабарлайды muslim.kz "Русская служба BBC" сайтына сілтеме жасап.
Бұған әйелдер киіміне әуес төрт транссексуалдың бірнеше мәрте тұтқынға алынғаны, соған байланысты олардың құзырлы орындарға түсірген шағымы себеп болған.
Істі қараған сот олардың шариғат заңына бағынуын талап етіп, соған сәйкес үкім шығарды.