Малайзияда газ құбырындағы жарылыстан 112 адам зардап шекті
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін таңертең Субанг-Джая қаласы Путра Хайтс ауданында газ құбырында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды Malay Mail.

Малайзия полициясының мәліметінше, жарылыс өртке ұласып, салдарынан 112 адам зардап шегіп, оның 63-і ауруханаға жатқызылды.
Сонымен қатар, ведомство өрттің 47 үйді шарпып өткенін мәлімдеді. Газ құбырынан шыққан ауқымды өрт айтарлықтай шығын келтіріп, шұғыл эвакуация жасауға мәжбүрледі.
Таңертең басталған қызыл жалынның тұтануына Petronas компаниясының газ құбырындағы ақау себеп болды. Куәгерлердің сөзінше, жалынның биіктігі 500 метрге дейін жетіп, бірнеше шақырым қашықтықтан көрінген.
Бұған дейін хабарланғандай, Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығысында орман өрті толық сөндірілді.
Сондай-ақ, Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығыс өңірін шарпыған орман өрті салдарынан 18 адам қаза тапқанын жазған едік. Сондай-ақ, өрт сөндіру тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан ұшқыш көз жұмған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Корея халқына көңіл айтты.