Малайзияда MH17 рейсінің құрбандарын еске алу рәсімі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылы жазда Украина шығысында Малайзиялық «Боинг» апаты кезінде қаза тапқандардың туыстары мен достары апаттың бір жылдығы құрметіне Куала-Лумпурге еске алу рәсіміне келді.

Малайзияда MH17 рейсінің құрбандарын еске алу рәсімі өтті

Рәсімге қатысушылар алдында сөз сөйлеген Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак тергеушілерге болған оқиғаның барынша нақты картинасын қалпына келтіруге болатынын айтты.

Тергеу нәтижесі жылдың аяғында жарияланады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, MH17 рейсімен Амстредамнан Куала-Лумпурге бет алған Malaysia Airlines авиакомпаниясының Boeing 777 ұшағы өткен жылы 17 шілдеде Украинаның Донецк облысында құлаған болатын. Бортта 298 адам қаза тапты.

Кейіннен ұшақты зымыран соққаны анықталды. Украинадағы тараптар болған жағдайға бір-бірлерін кінәлады.