Малайзиядағы Димаш Құдайбергеннің концерті қалай өтті
Қонақжай Малайзияға әр елден келген қонақтар Димаштың сан қырлы бағдарламасымен танысып, өткен жылдың қыркүйегінде әншінің отанында басталған «Stranger» шоуын тамашалау үшін келді. Шоу бағдарламасы көрерменді алуан түрлілігімен таң қалдырды. Димаш түрлі стильдер мен жанрларда жеті тілде композициялар орындады.
Концертте Димаштың орындауында Еуропа мен Америка авторларының «Golden», «If I never breathe again», «S.O.S» шығармалары шырқалды. Сонымен бірге, жапондық автор Кози Тамакидің «Autumn strong» әнін, «Screaming», «Let it be» композицияларын және қытай тіліндегі «Battle of Memory» саунд-трегін орындады.
Композитор Игорь Крутойдың шығармалары Димаштың шығармашылығында маңызды орын алады. Шоудың «Stranger» титулдық әнінен, полифониялық «Олимпико», сондай-ақ «Аве Марияның» және барлық Dears-тің сүйікті «Любовь уставших лебедей» әнінен бастап, нөмірді аяқтағанға дейін барлық зал хормен шырқады.
Концерттің қонағы Сити Нурхализ есімді малайзиялық әнші өзінің керемет хиті «Bukan Cinta Biasa» және дәстүрлі «NIRMALA» әнін орындаған болатын.
Димаш әрдайым өзінің басты міндеті – әлемдік көрерменді өз елінің мәдениетімен, жерлестерінің шығармашылығымен таныстыру екенін атап көрсетеді. Шоу бағдарламасында көрермендер әртіспен бірге қазақ тіліндегі «Дайдидау» және «Дүрдараз» халық әнін, сондай-ақ қазақстандық композиторлар Айгүл Бажанованың «Махаббат бер маган», Еділжан Ғаббасовтың «Fly Away» және Димашпен бірге жазған «Zhalyn» әндерін тыңдап, бірге орындады.
Концертте Димаштың інісі, жас композитор Әбілмансұр Құдайберген өзінің алғашқы композиторлық жұмысы «Together» әнін де үлкен ағасымен бірге ұсынды.
Ана тілінде ерекше әсерлі шығармаларды орындағаннан кейін Димаш сүйікті атасынан айырылғаннан кейінгі қиын күндерде қолдау көрсеткені үшін жанкүйерлеріне алғыс айтты.
«Концерттің өту-өтпеуі екіталай еді, бірақ сіздердің қолдауыңыздың арқасында бәрі ойдағыдай өтіп жатыр. Бізге әкеміз үнемі «Егер сөз берсең, нағыз жігітше сөзіңде тұр», – деп ақыл өсиетін айтатын.
Әрине, Димаштың «Ұмытылмас күн», «Give me your love» және «Be with me» шығармалары кеш бойы шоудың жарқын сәттері болып есте қалды.
Шоудың соңғы бөлімінде испан тіліндегі «El amore en ti» ірі композиторлық жұмыстары және осы кеште ерекше әсерлі болған «The story of one sky» реквиемі орындалды.