Малайзияға ұшақ апатынан қаза тапқан 9 адамның мәйіті жеткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинада апатқа ұшыраған Boeing-777 ұшағында болған 9 адамның мәйіті Амстердамнан Куала-Лумпурға жеткізілді. Осыған байланысты Малайзия астанасының әуежайында азалы жиын өтіп, құрбандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
None
None

Бұл апатта қаза тапқандардың мүрделерін әкелген үшінші ұшақ. Әуе кемесі бортында болған 43 малайзиялықтың 32-і анықталып, мәйіті отанына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар