Малайзиялық әуе компаниясының ұшағы бомба туралы хабардан кейін шұғыл қонды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзиялық бюджеттік «Firefly» әуе компаниясының ұшағы сейсенбі күні кеште «бортта бомба бар» деген хабардан кейін шұғыл түрде Субанг-Джая қаласының әуежайына қонуға мәжбүр болды, деп хабарлады ТАСС.

Малайзиялық әуе компаниясының ұшағы бомба туралы хабардан кейін шұғыл қонды

«New Straits Times» газеті атап өткендей, лайнер ұшып шыққан соң шамамен 20 минут өткеннен кейін диспетчерге екі жасырын қоңырау түскен.

Лайнер командиріне дереу әуежайға оралу тапсырмасы берілді. Қонған соң мамандар ATR-72 ұшағын тексеріп шықты, алайда жарылғыш заты табылмады. Жолаушылар Сингапурға өзге ұшақпен жөнелтілді.

Құқық қорғау органдары оқиғаны тергеуге кірісті.