Малайзиялық Boeing-тің апат орнына барған халықаралық бақылаушыларға оқ жаудырған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық сарапшылар және ЕҚЫҰ бақылаушылар тобы малайзиялық Boeing-777 құлаған орынға жетісімен оларға біреулер оқ жаудырған, деп жазады rosbalt.ru.

Малайзиялық Boeing-тің апат орнына барған халықаралық бақылаушыларға оқ жаудырған

РИА "Новости" таратқан ақпаратқа сүйенсек, эксперттер дәл қазіргі сәтте жұмысты жалғастыру-жалғастырмау жайын ақылдасуда. Жапа шеккендер жайында мәлімет жоқ.

Бұған дейін France-Presse агенттігі оқиға орнында бірнеше рет жарылыс болды деген де хабар таратқан.

Еске сала кетейік, Амстердам (Нидерланды) - Куала-Лумпур (Малайзия) бағытындағы Malaysia Airlines компаниясының «Боинг 777» ұшағы Украина аумағында шілденің 17-сінде апатқа ұшырап, оның бортындағы 298 адам қаза болған еді.