Малайзиялық із-түзсіз жоғалған Boeing табылмауы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыздың басында жоғалып кеткен Малайзиялық Boeing 777-200 ұшағы мүлдем табылмауы мүмкін. Бұл туралы бүгін Би-би-сиге берген сұхбатында Австралиялық көліктегі қауіпсіздік басқармасының өкілі Мартин Долан хабарлады.

Малайзиялық із-түзсіз жоғалған Boeing табылмауы мүмкін

Оның мәлімдеуінше, ұшақ Үнді мұхиты акваториясынан табылмауы мүмкін. Бұл ретте Долан қызметкерлер жоғалған лайнер жұмбағын шешер деген үміті де барын жасырмады, деп хабарлады ТАСС.

Бұдан бұрын лайнерді іздестіру келесі жылдың мамырында тоқтатылатыны хабарланған.

Айта кетейік, Үнді мұхитының оңтүстік бөлігіндегі 11 мың шаршы метрден астам аумағы сканерленді. Бұл іздестіру жалпы алаңының бесінші бөлігін құрайды.