Малайзиялық жоғалған ұшақ жолаушыларының туыстары мәлімет үшін 3 млн. доллар сыйақы тағайындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзиялық Boeing 777-200 жолаушыларының отбасылары ұшақтың қайда екені туралы ақпаратты жеткізген жанға 3 млн. доллар көлемінде сыйақы бермек, деп хабарлады Росбалт.
None
None

Indiegogo сайтында АҚШ, Жаңа Зеландия, Франция және Үндістан жолаушыларының туысқандары ұшақтың жоғалғаны туралы маңызды ақпарат бергендерге сыйақы беру үшін қаражат жинау науқанын іске қосты. Ең аз жарна 5 долларды құрайды.

Бұл ретте акцияға Қытай мен Малайзия азаматтарының туыстары қатыспайды. Бұдан басқа, 2 млн. доллар сыйақы тергеудің жаңа нұсқасын пысықтаған жеке детективтерге беріледі. Жоғалған жолаушылардың туыстарының пікірінше, билік «осы уақытқа дейін лайнер туралы еш ақпарат таппадық» деп іздестіру операциясының барысы туралы ақпаратты бүгіп отыр.

Соңғы жаңалықтар