09:29, 19 Қаңтар 2015 | GMT +5
Малайзияның шығысында болған су тасқынынан үш мыңнан астам адам қауіпсіз жерге шығарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзияның шығысында болған апат салдарынан 3,2 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге шығарылды.
Бұл туралы ТАСС х абарлады .
Елдің Саравак штатында көптеген мектептерде оқу уақытша тоқтатылды, көліктердің жүру уақыты да өзгерді. Билік босқындардың көбеюіне дайындалуда. Өйткені ауа райы болжамына сәйкес, жақын арада жауын-шашын мөлшері күшейеді, деп хабарлады Star газетінің электрондық нұсқасы.
50 жыл ішіндегі ең күшті апат Малайзияда өткен жылдың желтоқсанында болған. Онда елдің шығысы мен батысында 10-нан астам адам қаза тапты, 250 мыңнан астам адам өз үйлерінен көшуге мәжбүр болды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, шығын шамамен 284 млн. долларды құраған.