«Малефисента» фильмінің премьерасында Брэд Питтке біреу қол жұмсамақ болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лос-Анджелесте болған «Малефисента» (Maleficent) фильмінің премьерасында Анджелина Джолимен бірге басты рөлді сомдаған актер Брэд Питтке белгісіз біреу қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

«Малефисента» фильмінің премьерасында Брэд Питтке біреу қол жұмсамақ болды

Полиция деректеріне сүйенсек, қоршаудан секіріп түсіп, кинотеатрдың алдында актерлер суретке түсіп жатқан жерге баса-көктеп жеткен ер адам Питтке жақын келіп, оған дүрсе қоя берген. Бірақ күзетші оны бірден ұстады.

"Малефисента" - 1959 жылғы «Ұйқыдағы ару» мультфильмінің диснейлік кино нұсқасы. Джоли кинода қатыгез сиқыршының рөлін сомдаған.