Мали астанасындағы түнгі клубтың бірінде жарылыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мали астанасы Бамако қаласындағы түнгі клубта жарылыс болды, деп хабарлайды ВВС.
Алдын ала болжам бойынша, жарылыстан екі адам қаза тапты.
Куәгерлердің айтуынша, 4 қылмыскер ойын жүзеге асырған соң дереу оқиға орнынан із суытқан.