Малиде БҰҰ штаб-пәтеріне шабуыл жасалды, 7 адам қаза тапты

 АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 тамызда Малиде БҰҰ-ның  елдегі жағдайды тұрақтандыру жөніндегі Көп бейінді кешенді миссиясы штаб-пәтеріне қарулы адамдар шабуыл жасады. Кем дегенде жеті адам мерт болды.

Малиде БҰҰ штаб-пәтеріне шабуыл жасалды, 7 адам қаза тапты

 Кем дегенде жеті адам мерт болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Малидің азаматтығы бар бес күзет қызметкері, мали жандармериясының қызметкері және бір Миссия қызметкері ажал құшқан.

Тағы бір күзетші және бес бітімгерші жараланған. Шабуыл жасаған содырлардың алтауы айқас кезінде өлтірілді.