Малиде кемеге шабуыл жасалып, 49 бейбіт тұрғын қаза тапты
МАЛИ. ҚазАқпарат – Малидің солтүстік-шығысында содырлар өзен бойымен кетіп бара жатқан кемеге шабуыл жасап, кемінде 49 бейбіт тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ содырлар әскери лагерьге шабуылдап, 15 сарбазды мерт қылған, ал содырлардан 50-ге жуық адам құрбан болған.
Осыған байланысты елде үш күндік қаралы күн жарияланды.
«Қарулы террорлық топ Нигер өзенінің бойымен Гаодан Мопти қаласына қарай кетіп бара жатқан кемеге шабуылдаған» делінген Мали армиясының деректерінде.
Кеме операторы Comanav AFP ақпарат агенттігіне кемеге 3 зымыран атылғанын хабарлады. Торроршылар қозғалтқышты дәлдеген.
Мали 2020 жылдан бері хунтаның қол астында.
Хунта экс-президент Ибрагим Бубакара Кейтаға қарсы жасалған бұқаралық наразылық шараларынан кейін халықтың басым қолдауына ие болған.
Қолда бар мәліметтерге қарағанда Малидің іс басындағы әскери билік елдің кейбір бөліктерін бақылап отырған терроршыларымен күресте айтарлықтай жетістікке қол жеткізе алмады.