Малиде президент аппаратының басшысы қаза тапты

ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат – Малидің уақытша президентінің аппарат жетекшісі елдің оңтүстік-батысында өлтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
None
Фото: ria.ru

Agence France Presse басылымының Мали мемлекеті басшысы әкімшілігінің құжатына сілтеме жасап хабарлауынша, құрамында президент аппаратының басшысы Умар Траоре бар делегация 18 сәуірде Нара қаласы аумағында торуылға тап болған. Траорені қосқанда төрт адам өлтірілді.

Нара - Мавританиямен шекараға жақын маңдағы қала. Әзірге билік өкілдері шабуылға кім жауапты екенін айтпады.


Соңғы жаңалықтар