Малиде жарылыстан БҰҰ-ның 4 бітімгері қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Малиде жарылыстан БҰҰ-ның 4 бітімгері қаза тапты. Оқиға елдің Кидал деген елді-мекеніне 30 шақырым жерде болған, деп жазады Би би си.
Қайғылы оқиғадан тағы 15 адам жапа шеккен. Малидегі БҰҰ баспасөз хатшысы Мали Оливье Салгадо олардың алтауы ауыр жағдайда екендігін жеткізген.
Бұл жарылысты әлі ешбір қылмыстық топ мойнына алған жоқ.
Соңғы уақытта БҰҰ бітімгерлеріне лаңкестер шабуылы жиілеп кеткен екен.