Малидегі ұшақ апатынан 15 елдің азаматтары қаза тапқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Малиде болған ұшақ апатынан 15 елдің азаматтары ажал құшты. Бұл туралы жұма күні журналистерге брифинг барысында сол елдің мемдепартамент өкілі Мари Харф хабарлады, деп жазады РИА Новости.
«Біз испаниялық 6 экипаж мүшесі мен Алжир, Бельгия, Камерун, Канада, Египет, Франция, Буркина-Фасо, Германия, Ливан, Люксембург, Нигерия, Румыния, Швейцария, Мали және Украина елдерінің 110 азаматын аза тұтамыз», - деді Харф.
Бейсенбі күні Air Algerie әуе компаниясының McDonnell 83 ұшағы Буркина-Фасо астанасы Уагадугудан Алжирге ұшып шыққаннан 50 минут өткен соң онымен байланыс үзілген. Кейін оның апатқа ұшырағаны анықталды. Бортта 15 елден 116 жолаушы болған.