Мәлік Мырзалин ақмолалық ұстаздарды марапаттады
Саланатты шараға қатысқан аймақ басшысы өңір педагогтарын кәсіби меркелерімен құттықтады. «Біздің облысымызда 22 мыңнан астам педагог еңбек етеді. Бұл - Қазақстанның болашағы үшін жауапты, білікті мамандар. Мұғалім - бұл жай ғана мамандық емес, мұғалім бұл - жүректің қалауы», - деп атап өтті өңір басшысы.
Атап өтілгендей, кадрлық мәселелерді шешу мақсатында биылғы жылдан бастап облыстық бюджеттен педагогикалық мамандықтар бойынша ЖОО-ларға 100 білім гранты бөлінді.
Мектептерде жаңартылған білім беру бағдарламалары енгізіледі, оқушылар жаңа оқулықтар бойынша оқытылады, бағалау әдістері өзгереді, көптілділік даму сүтінде. Мектептердің 88 пайызы интернетке қосылған, қазір бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу мақсаты тұр. Оқушылар үш тілде 40 мың сандық сабақтар мен 1 млн мультимедиялық материалдарға қол жеткізе алады. Тәуелсіздік жылдарында Ақмола облысында 14 мың орындық 40 мектеп салынғанын айта кеткен жөн.
Салтанатты шара барысында 36 педагог «Ыбырай Алтынсарин», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, Ақмола облысы әкімінің алғыс хаттарымен, ақшалай сертификаттармен және демалыс орындарына жолдамалармен марапатталды.
«Бүгін сезімге толы тамаша күн. Барлық педагогтарды кəсіби мерекелерімен құттықтаймын. Мені ұстаздық жолға жетелеген өміріме алғысымды білдіремін, мен өзімді басқа салада елестете де алмаймын. Бізге, ұстаздар үшін әр оқушы қымбат, адам тәрбиелеу - басты парызымыз бен табысымыз» -деді Щучинск қаласындағы жоғары колледждің оқытушысы Антон Лазорский.
