Мәлік Мырзалин: Грант пен шәкіртақы - жастарға үлкен қолдау

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин облыстық мәслихат депутаттары алдындағы есептік кездесуінде жас мамандарға көрсетілетін қолдау туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Биыл облыстық бюджеттен 150 грант бөлінген, оның 50-і бірінші рет медициналық факультетте, 100 грант педагогикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттерге берілді.

«Медициналық мамандықтарға республикадан 18 грант бөлінсе, оның алтауы интернатураға арналған. Оған қоса, облыстық бюджет есебінен интерн оқуға қосымша 6 грант бөлу қарастырылып отыр», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Жақында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті жанынан ашылған медициналық факультетте Үндістаннан келген 150 студент білім алатын болады. Қазіргі кезде олардың жатын орны мен тамағын өз елдері мойнына алмақ.

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған жастардың сапалы кәсіби білім алуы үшін облыс әкімінің шәкіртақысы тағайындалған. Бүгінгі таңда облыс әкімінің шәкіртақысы есебінен 276 ақмолалық студент еліміздің жоғары оқу орындарында білім алып жүр. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 102 миллион теңге қаржы бөлінген. 

Соңғы жаңалықтар