Мәлік Мырзалин қоғамдық кеңес мүшелері алдында есеп берді
Аймақ басшысы өңірдің 2016 жылғы əлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы айтып берді. Аталған қоғамдық кеңес Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт жоспарындағы 99-шы қадамды жүзеге асыру аясында өткен жылдың басында құрылған болатын. Кеңес құрамында əр салада еңбек ететін 266 адам бар. Өткен жылы кеңеспен қоғам мəселелеріне қатысты 200-ден астам отырыс өткен. Облыстық деңгейде құқықтық актілер бойынша 350 жоба қаралып, оның 50-ден астамы кейін қайтарылды.
Мырзалин өз сөзінде өткен жылы өңірде өнеркəсіп, аграрлы жəне əлеуметтік салада оң динамика сақталғанын айта келе, осы бағытта қолдау білдірген қоғамдық кеңес мүшелеріне алғысын білдірді.
Еске сала кетейік, облыс активімен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев М.Мырзалинге өңірдің ауыл шаруашылығы секторын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар міндеттер жүктеген болатын. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы кооперативін құру, ғылыми әлеуетті пайдалану арқылы өнімділікті арттырып, ауыл шаруашылығына шағын несие бөлу, шағын және орта бизнесті жандандыру арқылы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың маңыздылығын айтты.
Аслан Оспанов.