Мәлiк Мырзалин Қоғамдық кеңес мүшелерi алдында есеп берді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкiмi Мәлiк Мырзалин облыстық Қоғамдық кеңестiң мүшелерi алдында 2017 жыл iшiнде аймақтың даму қорытындылары туралы баяндап, Елбасының «Төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкiндiктерi» Жолдауының басты 10 бағытын iске асыру шеңберiнде алға қойылған жоспарлармен бөлiстi, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Негiзгi әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерге тоқтала келiп, облыс әкiмi өңiрде инвестиция көлемi 6,1%-ға, тұрғын үйдi пайдалануға беру 17%-ға, орташа айлық жалақының 6%-ға өскендiгiн айтты. Өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесi 80 пайызға артып, еңбек өнiмдiлiгi 5,2 пайызға дейiн өстi», - деді аймақ басшысы өз сөзінде.

Сонымен қатар, Мәлiк Мырзалин агроөнеркәсiптiк кешендi дамытудағы басымдықтарға тоқтала келе, жердi тиiмдi пайдалану, сүт және ет өңдейтiн кәсiпорындардың қуатына шығуы қажеттігін атап өтті.
null 

Кеңес мүшелерiнiң сұрақтарына жауап бере отырып, өңiр басшысы шағын және орта бизнестiң дамуы,  туризм, бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласындағы жетiстiктер, автокөлiк және инженерлiк инфрақұрылымды жақсарту шаралары туралы хабардар еттi.

Талқылау барысында ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигi, Ақмола облысының құрметтi азаматы Сағынтай Елубаев пен еңбек ардагерi Галина Марченкова облыста аймақтың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және оның тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған қыруар жұмыс атқарылғанын атап өттi.

Кездесу соңында облыстық Қоғамдық кеңес 2017 жыл iшiндегi атқарушы органдардың жұмысына оң баға берiп, облыс әкiмiнiң есебiн бiрауыздан қабылдады.

Соңғы жаңалықтар
telegram