Мәлік Мырзалин сайланған әкімдердің өкілеті қалай кеңейтілгенін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин сайланған әкімдердің өкілеті қалай кеңейетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жуық арада ауыл әкімдерінің өкілеттіктерін кеңейту көзделіп отыр. Яғни бірқатар өкілет аудандық деңгейден ауылдық деңгейге беріледі», - деді Мәлік Мырзалин «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша ауыл мен ауылдық коруг әкімдерінің құзырына мына мәселелер қарамақ:

қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешу;

коммуналдық қалдықтарды сұрыптап жинауды ұйымдастыру;

ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтерді сатып алу және тағы басқа.

«Яғни, бірталай өкілет беріледі. Бұл ауыл әкімдерінің жауапкершілік аясын одан әрі кеңейтеді. Тек сол өкілеттерді дұрыс пайдалана білу керек», - деді Мәлік Мырзалин.

Сұхбат кезінде ол әкім сайлауына саяси партиялардың қаншалықты белседі қатысқаны туралы пікір білдірді.

Айтуынша, сайланған 864 әкімнің 77,7%-ы немесе 671 адам – Nur Otan-ның өкілі. «Ауыл» партиясынан 3,8% яғни 33 адам әкім атанса, «Адал» партиясынан 1,7%, яғни 15 әкім, «Ақжол» партиясынан 1,4% немесе 12 адам, Қазақстан халық партиясынан 1,3% немесе 11 адам және ЖСДП-дан 0,1%, яғни 1 адам сайланған.


Соңғы жаңалықтар