Мәлік Әбдіқадыров Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімінің өкімімен Мәлік Әбдіқадыров Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне ауысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Мәлік Әбдіқадыров
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мәлік Әбдіқадыров «Қайнар» университетінде құқықтану мамандығы бойынша, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін мұнай-газ ісі бойынша білім алған. Ұлыбританиядағы Абердин университетінде Құқық магистрі дәрежесін иеленген.

Ұзақ жылдар бойы облыстық прокуратурада қызмет етті, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басқармаларында басшылық қызметтерді атқарды, «Западная курна»-2 «Лукойл-Оверсиз» жобасы Ирак мемлекеті Басра қаласында, ҚР Табиғи монополияларды реттеу, ҚР Ұлттық экономика министрлігі бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің департаментін басқарды. 

2020-2024 жылдары — Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

Осы уақытқа дейін Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында болды.

Бұдан бұрын Түркістан қаласы әкімінің орынбасары тағайындалғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум