Мамандандырылған Бөбектер үйінің бұрынғы бас дәрігеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
СТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елордалық мамандандырылған Бөбектер үйінің бұрынғы бас дәрігеріне қатысты мемлекеттік қаржыны ірі көлемде жымқырғаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрғасының орынбасары Андрей Лукин мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, биылғы жылғы наурыздың 24-інде елордалық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті 176-шы баптың 3-ші бөлімі бойынша Бөбектер үйінің бұрынғы бас дәрігері Алма Бергеноваға қатысты қылмыстық іс қозғаған.
А. Лукиннің айтуынша, бүгінде қылмыстық істің материалдары бойынша А. Бергенова өзінің қызмет бабын пайдалана отырып 1 миллион 809 мың теңге көлемінде сеніп тапсырылған қаржыны жымқырған. «Яғни, қаржыны ірі көлемде ұрлау фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде»,- деді ол.