Мамандар әлемдік астық бағасының көтерілуімен қатар оның әлі де өсе түсетіндігін бағамдауда

АСТАНА. Тамыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Мамандар әлемдік астық бағасының көтерілуімен қатар оның әлі де өсе түсетіндігін бағамдап отыр.

Мамандар әлемдік астық бағасының көтерілуімен қатар оның әлі де өсе түсетіндігін бағамдауда

Бұл туралы бүгін Үкіметтегі селекторлық жиыннан кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшыс Евгений Аман мәлім етті.

Астық бағасын нарық болжайтындығын атап өткен ол, «бүгін ел Үкіметі әлеуметтер тауарлар тізбесіне қысымды төмендетуге тапсырма берді. Осыған орай біз сәйкесінше министрлік болғандықтан тисіті шараларды қабылдап жатырмыз. Қажетті астық көлемін пайдаланып, тоннасын 20,5 мың теңге тұрақты бағамен сатуға ниеттіміз», деді.

Сондай-ақ оның атап өтуінше, Қазақстан Үкіметі астық экспортына шектеу қоятын қандай да бір шаралар қарастырып отырған жоқ. «Ресей тарапынан астық экспортына шектеу қою туралы ұсыныс зерделенетін болады. РФ біздің экспорттық әлеуетіміздің мүмкіндігін ресейлік нарыққа бағыттауымызды өтінетін сияқты. Ресей нарығы ешқандай бағдарсыз-ақ ең жақын әрі түсінікті. Егер өте пессимистік сценарий болған күннің өзінде де экспорттау мүмкіндігі сақталады», деді.

Айта кетейік, таяуда Ресей Кедендік одақ бойынша әріптестері Қапзақстан мен Беларус мемлекеттеріне астық экспортына шектеу қою туралы өтініш жасаған болатын. Ал Ресей тамыздың 15-інен желтоқсанның 31-іне дейін дәнді-дақылдардың бірқатар түрлеріне уақытша шектеу қойып отыр. Бұл қадамға көрші мемлекет ішкі нарықтағы азық-түлік бағасының көтерілуіне жол бермеу және мал басын сақтап қалу мақсатында барып отыр.