Мамандар Internet Explorer-ді қолданбау жөнінде дабыл қағуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Анықталғандай, Internet Explorer-дің 6-шы нұсқасынан бастап 11-ші нұсқасына дейін бос тұстарының көп болуы - бұл браузер қолданушыларына бір-ақ сәтте компьютердегі барлық құжатынан айрылып қалу қаупін төндіретін болып шықты, деп жазады Day Az.
Сондай-ақ, хакерлер бұл браузер қолданушыларын оңай ғана түрлі вирустармен шабуылдай алады екен.
Осы жайларды ескерген АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі Internet Explorer-ді Microsoft компаниясы жаңғыртулар ме өзгерістер енгізгенге дейін қолдануды үзілді-кесілді тоқтату жөнінде кеңес береді.