Мамандар көкжөтелдің несімен қауіпті екенін айтты
АСТАНА. KAZINFORM – Көкжөтел қаты асқынатын болса, оның соңы бірқатар ауыр жағдайларға әкелуі мүмкін. Оларға пневмония, бронхит, тыныс алудың уақытша тоқтауы (апноэ), тыныс алу жеткіліксіздігі, құрысулар және оттегінің жетіспеушілігінен мидың зақымдануы жатады.
ҚР ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, бұл ауру әсіресе 1 жасқа дейінгі балалар үшін өте қауіпті.
Алдын алудың негізгі шаралары: уақтылы вакцинациялау (АКДС), науқасты оқшаулау, бөлмені жиі желдету, ылғалды тазалау жүргізу, қолды сабынмен жуу және науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеу.
Науқаспен байланыста болған жағдайда дәрігерге қаралып, медициналық бақылаудан өту және қажет болған жағдайда антибиотиктік профилактика жүргізу мәселесін шешу қажет.
-Көкжөтелдің ауыр түрінен қорғанудың ең тиімді жолы — уақтылы вакцина алу,-делінген хабарламада.
Осыған дейін Батыс Қазақстанда көкжөтелге шалдыққан балалар саны 60-қа жуықтағаны туралы жаздық.
Сондай-ақ көкжөтел азайғанымен, науқастардың 91%-ы вакцина алмағаны белгілі болды.