Мамандар оқушылардың дұрыс тамақтануының перспективалық мәзірін әзірледі

АСТАНА. KAZINFORM -  Мектепте дұрыс тамақтануды қамтамасыз ету мақсатында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жетекші бейінді сарапшылармен бірлесіп білім беру ұйымдарына арналған Үлгілік перспективалық мәзірді әзірледі.

Школьная столовая Мектеп асханасы
Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform

Мәзір қауіпсіз, теңдестірілген және ғылыми негізделген, балалардың физиологиялық қажеттіліктері мен калориясын ескере отырып жасалған, онда жас ерекшелік санаттары, маусымдылығы, сондай-ақ ас блогы жоқ мектептердегі балалардың тамақтануы ескерілген.

- Мәзірде ДДҰ-ның семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа да аурулардың даму қаупін азайту үшін қант пен тұзды азайту бойынша ұсыныстары ескерілген. Мысалы, балалар тәулік бойы болатын ұйымдар үшін қант мөлшері 6-10 жас ерекшелік тобында – 55 г-нан 15 г-ға дейін, 11-14 жас ерекшелік тобында – 70 г-нан 21 г-ға дейін, яғни 3,3-3,6 есе азайды. Тұз 6-10 жас ерекшелік тобында – 15 г-нан 3 г-ға дейін, 11-14 жас ерекшелік тобында – 15 г-нан 4,5 г-ға дейін, яғни 3,3-5 есе азайды, - деп жазды комитеттен.

Ақпаратқа қарағанда, негізгі мәзірге ет, балық және көкөніс тағамдары, жаңа піскен көкөністен жасалған салаттар және қант мөлшері аз сусындар кіреді.

Балалардың өсуі мен дамуы, сондай-ақ аурулардың алдын алу үшін рационға майы аз сүт, пробиотиктері бар сүт қышқылы өнімдері кіреді және көкөністер мен жемістердің көлемі арттырылған.

Айта кетейік, Атырау облысында ата-аналар баласының мектеп асханасынан тамақ ішкен-ішпегенін біліп отырады.

Соңғы жаңалықтар