Мамандар субұрқақтарда неліктен шомылуға болмайтынын түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жазғы маусымда субұрқақтың жанында серуендеп қана қоймай, онда шомылғысы келетіндер де кездеседі. Осылайша олар өз денсаулығына қауіп төндіреді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Фонтандағы су жиі жаңартылмайтынын ескерген жөн. Осыған байланысты вирустық және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупі жоғары. Сондай-ақ, субұрқақта қаңғыбас иттер мен құстар шомылады, олар әртүрлі инфекциялардың қоздырғышы болуы мүмкін. Оның үстіне, жоғары ауа температурасында судағы микроорганизмдер тез көбейеді. Сондықтан, субұрқақта шомылу суық тию қаупімен ғана емес, өткір ішек инфекциясына немесе конъюнктивитке де айналуы ықтимал. Энтеровирустық және ротавирустық инфекциялар, А вирустық гепатиті үлкен қауіп төндіреді», - делінген мәлімдемеде.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамырдан қыркүйекке дейін сынамалар ала отырып, субұрқақтардағы су сапасына мониторинг жүргізеді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталған.

«Атап айтқанда, Байқоңыр және Сарыарқа аудандарында орналасқан (»Жастар« сарайының жанындағы, «Есіл« СҮ ауданында, сондай-ақ Пушкин гүлзары және Абай даңғылында) субұрқақтар суында санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша бұлдырлықтың рұқсат етілген мәннен 1,1-1,7 есе артуы көрсетілді. Сондай-ақ, А. Молдағұлова ескерткіші мен «Жастар« театры маңындағы «Атырау« субұрқақ кешендерінің суында микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік анықталды», - деп көрсетеді мамандар.

Субұрқақта жарақат алу қаупі де жоғары. Осыған байланысты, астаналық СЭБД ата-аналарды балаларға қауіпсіздік және жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін түсіндіруге шақырады.

«Ешбір жағдайда балаларды қараусыз қалдырмаңыз және оларға күн сайын шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түсу өте қауіпті екенін ескертіңіз», - дейді департамент өкілдері.


Соңғы жаңалықтар