Мамандық таңдау ҰБТ-ны тапсыру шартымен емес, алдымен қандай да бір ғылымға құштарлықпен белгіленеді ? Ж.Түймебаев

АСТАНА. Мамырдың 23-і. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - Соңғы қоңырауға да санаулы күндер қалды. Түлектер алдында – ҰБТ тапсыру міндеті тұр. Биылғы жылы тестілеудің қандай ережелері қолданылады, жастар қандай мамандықтарды шын көңілімен таңдайды, ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевпен осы мәселелер төңірегінде сұхбатымыз өрбімек.

Мамандық таңдау ҰБТ-ны тапсыру шартымен емес, алдымен қандай да бір ғылымға құштарлықпен белгіленеді ? Ж.Түймебаев
- Жансейіт Қансейітұлы, Сіздің министрлікте тестілеуге дайындық қалай жүргізіліп жатыр, ҰБТ-2009-ға қандай да бір жаңалықтар енгізіле ме? - ҰБТ биыл да өткен жылғыдай форматта, маусымның 4-10-ы аралығында өтеді. Тапсырмаларды орындау үшін қажетті саналатын таза уақытқа биылғы жылы 30 минут қосылды. Түлектер, ендігі жерде 3,5 сағат бойы жауап береді.Апелляциялық комиссияға арыздану тәртібі де өзгерді. Түлектер ендігі жерде, тестілеу қортындысы жарияланғаннан кейін, егер келіспесе апелляциялық комиссияға арыздана алады. Өтініштер келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады.2009 жылы өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқығандар осы жылы колледжде немесе ЖОО білімін жалғастырғылары келсе, онда олар қазақ немесе орыс тілдерінде ҰБТ тапсыра алады. Мұндай жағдайда олар кешенді тестілеу (КТ) тапсырмайды. - ҰБТ кодтарының құпиялығы қалай қамтамасыз етіледі? - Өздеріңіз білетіндей, министрлік тестілік тапсырмалардың дұрыс жауаптарының кодтарын мемлекеттік құпиялар санатына қосу жөнінде «Мемлекеттік құпиялар туралы» ҚР Заңына ереже енгізуді ұсынған болатын. Ұлттық тестілеу орталығында мемлекеттік құпиялармен жұмыс жөніндегі бөлім құрылып, құпиялық тәртіпті сақтау жөнінде барлық құрылымдық бөлімдердің жұмыстарын тексеретін директордың орынбасары штаттық бірлігі енгізілді. Емтихандық материалдардың сақталуы мен құпиялығы ҰҚК қызметкерлерінің кезекшілік етуімен қамтамасыз етіледі. Емтихандық материалдардың аймақтарға жеткізілуі «Қазпошта» АҚ-ның арнайы байланысы арқылы жүзеге асырылады.Құпиялықты сақтау мақсатында, сұраулар тізімі кітапшасының, варианттардың нөмірлері кодталады және тестіге қатысушыларға ҰБТ аяқталуына жарты сағат уақыт қалғанда жарияланады. Сұраулар тізімі кітапшасының нөмірлерін кодтау ҰБТ-ны сенімді қорғау болып табылады, кітапшалар ұрланған немесе дұрыс жауаптар қолды болған жағдайдың өзінде ешкім дұрыс жауаптардың кодын пайдалана алмайды. - ҰБТ мен кешенді тестілеуді тапсыру жолымен ЖОО-ға түсудің шарттарын еске түсіре кетсеңіз? - ҰБТ орта білім туралы аттестат алу мен жоғарғы оқу орнына немесе колледжге түсуді біріктіреді. «Алтын белгі» және үздік орта білім туралы аттестаттан үміткерлер міндетті түрде ҰБТ тапсырады. ҰБТ-ға қатысқысы келмегендер өз мектептерінде қорытынды емтихандар тапсырады, мұндай жағдайда олардың биылғы жылы Қазақстанда жоғарғы оқу орнына немесе колледжге түсуге еш мүмкіндіктері болмайды.Тестілеу 5 пән бойынша жүргізіледі, олар: тіл оқыту, математика, Қазақстан тарихы, мемлекеттік емес тілде оқитындар үшін қазақ тілі (қазақ тілінде оқитындар үшін орыс тілінен) және таңдау бойынша бір пән, ол ЖОО-ға түсу кезінде таңдаған мамандыққа деген дайындығын анықтайды. «Білім туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдері орта білім туралы аттестат алу үшін ҰБТ-та міндетті пәндер болып есептеледі.ЖОО-ға түсушілер үшін кешенді тестілеу 4 пән бойынша жүргізіледі: математика, ана тілі, Қазақстан тарихы және таңдау бойынша бір пән (география, физика, биология, химия, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі). Тестілік тапсырмалар саны әр пән бойынша ? 25-ке тең. Яғни барлығы ? 100 тапсырма болады. - ЖОО-ға түсу үшін түлектерге қандай жеңілдіктер бар? - ЖОО және колледжге түсу кезіне қабылдау жеңілдік квоталары бекітілген: Қазақстан азаматы саналмайтын, ұлты қазақтар үшін (бекітілген мемлекеттік білім тапсырысы көлемінің 2 %); І, ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедек болғандар және мүгедек балалар үшін (0,5 %); соғысқа қатысқандар және соғыс мүгедектерінің жеңілдіктері мен кепілдеріне теңестірілгендер үшін (0,5 %); жетім балалар мен асыраушысы жоқ балалар үшін (1%).Ауылда білім алған, түскен мамандығы ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын белгілейтін түлектер үшін 30 пайыздық квота беріледі.Гранттар (мемтапсырыс) алуға конкурс өткізу кезінде «Алтын белгі» белгісімен марапатталғандарға, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жарыстарда (І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталғандар), орындаушылардың республикалық және халықаралық байқауларда және спорттық жарыстарда , соңғы үш жылда (І, ІІ, ІІІ дәрежедегі дипломдармен марапатталғандар), сондай-ақ осы жылы жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары (І, ІІ, ІІІ дәрежедегі дипломдармен марапатталғандар) олимпиаданың, ғылыми жарыстардың, байқаулардың тақырыптары таңдалған мамандыққа сәйкес келсе немесе спорттық жарыстарда олар жеңімпаз деп танылса, алдымен соларға мүмкіндік беріледі. - Мамандық таңдауда әлі белгілі тоқтамға келе алмаған оқырмандар бізбен хабарласып тұрады. Олар негізінен жоғары сынып оқушыларының ата-аналары немесе тек орта білімі ғана бар жас отбасылар. Оларға нендей кеңес бересіз? - Мамандық таңдау, ол бірқатар факторларға қатысты болады. Бәрінен бұрын, бұл белгілі бір ғылымға деген құштарлық. Мәселен, бір балалар ? гуманитарлық саланы жақсы көрсе, енді біреулері ? техникаға жаны жақын, ал үшіншілер болса ? жаратылыстану ілімін игеруге бейім келсе, төртіншілер өнерді сүйеді, тағысын-тағылар?Бұдан әрі мамандық таңдаудың бағдары ел экономикасын дамытудағы басымдықтар болып табылады. Соңғы жылдары мұнай-газ және энергетикалық салаға деген сұраныстың күшеюі Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру, Қазақстанның энергетикалық ресурстарын пайдалану стратегиясының мемлекеттік бағдарламасының қабылдануымен түсіндіруге болады.Көптеген жас түлектер мемлекеттік білім тапсырысына бағдар ұстайды, яғни, өндіріс пен әлеуметтік сала қажет ететін мамандықтарды таңдайды. Бүгінде техникалық, педагогикалық және медициналық мамандықтар мемлекеттік тапсырыста белгілі орынды иеленеді, бұл «100 мектеп, 100 аурухана» атты білім және денсаулық сақтауды дамыту бағдарламаларының жүзеге асырылуы, республиканың индустриялық-инновациялық дамуы және басқа да бағдарламалар мен жобаларға керекті мамандарды қамтамасыз етумен байланысты. - Сіз қалай ойлайсыз, биыл қандай мамандықтарға талас күшті болады? - Байқау таласы бірыңғай ұлттық және кешенді тестілеудің қортындысына, қандай да бір мамандыққа мемлекеттік білім тапсырысының орын бөлу санына қатысты болады. Сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріндегі бір мамандықтың өзіне байқау екі түрлі болуы мүмкін.«Менеджмент», «Қаржы», «Есеп және аудит», «Экономика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Халықаралық құқық», «Дизайн», «Кадастр» және «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтарына биылда сұраныс үлкен болады. - Өз еліңде сапалы білім алудың маңызы өте зор, сондықтан да біздің білгіміз келетіні республика бойынша қандай ЖОО-ы көшбасшы үштік қатарында? - Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредитациялау орталығы 2008 жылы Қазақстандағы 60 жетекші ЖОО рейтінгісін анықтау шарасын өткізді, нәтижесінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Е.Букетов атындағы ҚарМУ, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, С.Асфандияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Қазақтың менеджмент, экономика және болжам институты (КИМЭП) үздік ондықтар қатарына енді. ЖОО бойынша мамандар дайындау бағыты бойынша да зерттеулер жүргізілді. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті және Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық университеті педагогикалық оқу орындары арасында топ жарса, КИМЭП, Абылай хан атындағы Қазақтың халықаралық қатынастар мен әлем тілдері университеті және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті ? гуманитарлық-экономикалық ЖОО арасында алда келеді.Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстандық техникалық университет, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті және Алматы энергетика және байланыс институты ? техникалық білім беру саласында топ жарды. Өткен жылғы конкурстық іріктеудің қортындысы бойынша жас талапкерлер 106 оқу орнын таңдапты. Білім грантына иелердің басым бөлігі Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде және С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеттерінде білім алуға тілек білдіріп отыр. - Білім алу үшін қайдан және қалай несие алуға болады, бізге белгілі болғандай министрлікте осы мәселелермен тікелей айналысатын құрылым құрылған екен. - Ия, біздің министрлік құрамында «Қаржы орталығы» АҚ құрылды, ол екінші деңгейлі банктердің студенттерге беретін несиеге кепіл беру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады және бұрын берілген мемлекеттік білім беру және студенттік несиелердің қайтарылуын қамтамасыз етеді. Несиелеудің шарттарымен «Қаржы орталығы» АҚ-да толық танысуға болады. Оның мекен-жайы: Астана қаласы, 010000, Қабанбай батыр даңғылы, 37-үй, 4 кеңсе немесе 8 (7172) 24-41-70; 24-41-29 телефондары, mail: fincenter@fincenter.kz электрондық байланыс құралдары арқылы анықтамалар ала аласыздар. Әңгімеңізге рахмет!