Мамин Шымкентте «Нұрлы жер» аясында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен танысты

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстанға жасаған жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Шымкент қаласындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Өңірде аталған бағдарлама аясында құрылысы жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын баяндаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды кредиттік тұрғын үй сатып алуға мүмкіндігі жоқ 35 мың отбасыны арендалық баспанамен қамту үшін облыс көлемінде 1 миллион 700 мың шаршы метрден астам тұрғын үй қорын құру қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, жалпы облыста «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпқабатты 364 тұрғын үй салынуда. Оның ішінде ипотекалық несиелендірудің қолжетімділігін арттыру мақсатында 96 тұрғын үй, ал жеке құрылыс салушылар есебінен 107 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілсе, тұрғын үй құрылыс жинақтар жүйесі арқылы 73 несиелік тұрғын үй салынуда. Бұдан бөлек, жалға берілетін тұрғын үй қоры арқылы 88 жеке тұрғын үйдің құрылысы қолға алынатын болады.

null 

Ал, өткен жылы 128,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2113 отбасы жеке тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылдың басынан бастап тұрғын үй құрылысына 41,1 млрд теңге көлемінде инвестиция жұмсалса, қазіргі уақытта 461,5 мың шаршы метр пайдалануға берілді.

Жалпы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынатын тұрғын үй құрылысына 21,8 млрд теңге көлемінде мемлекеттік инвестиция бөлу жоспарланса, жыл соңына дейін 61,1 мың шаршы метр болатын 1126 пәтерді құрайтын тұрғын үй пайдалануға беріледі.

null 

Соңғы жаңалықтар