Мамыр мерекелерінде күн 28 градусқа дейін жылынады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 7-9 мамыр аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады. 

ауа райы
Фото: Pexels

Алдағы күндері Өзбекстаннан келетін жылы ауа массалары Қазақстанның барлық өңіріне қысқа мерзімді, бірақ көптен күткен жылу әкеледі.

Республиканың солтүстігі мен шығысының жекелеген аудандарында түнде минус температура сақталатынына қарамастан 9 мамырға дейін күндізгі уақытта термометр бағандары 20-28 градус жылыны көрсетеді. 

Бірақ батыс аймақтарда ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. 

Ең алдымен оңтүстік циклон ықпалымен жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай жарқылдауы мүмкін.

Циклоннан кейін солтүстік-батыс антициклоны келеді.

Осылайша жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.