Мамонттың қаңқасы жарты миллион еуроға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ежелгі жүнді мамонттың қаңқасы Францияның Лион қаласындағы аукционда 548 мың еуроға сатылды, деп хабарлайды  BBC .

Мамонттың қаңқасы жарты миллион еуроға сатылды

Оның соңғы бағасы алғашқысынан әлдеқайда көп болған. Бұл адамдардың қолдарында жүрген осындай түрдегі үлкен қаңқа саналады.

Қаңқаның 80%-ы өлген жануардың сүйегінен құралған. Ал, қалғандары экспонатты сақтау үшін құйылған қарамайдан тұрады.

Ежелгі жануардың сүйегі 10 жыл бұрын Сібірден табылған.

Ғалымдар мамонттың тісінен шіріктің іздерін тапты. Бұл оның өлімінің бір себебі болуы мүмкін.