Мамонттың қаңқасын тапқан таймырлық оқушы сыйлыққа тек ұялы телефон сұраған

АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Палеонтолог мамандар Таймырдағы Сопочная Карга мүйісінің жарында 30 мың жылдай бұрын өлген мамонт баласының қаңқасын тапқан мектеп оқушысына сыйлық беруді шешті.
None
None

Көне жануардың оң жақ бүйірі бұзылмаған. Оның сүйектеріндегі май ткандары, терісі және ішкі органдары сол күйінде, деп хабарлайды  Life news .

  Мамандар 11 жасар Женя Салиндерді оны оқуға  жіберген Газ-Сала шағын кентінде таба алды. Бала жануар қалдықтарын тапқаны үшін сыйлыққа таспасы бар ұялы телефонды сұраған. Ғалымдар Женяға тілегін орындайтынына уәде берді. Оның үстіне, табылған мамонттың баласына Женя есімі берілді.

Соңғы жаңалықтар