МӘМС: Алматыда 450 мың адам сақтандырылмаған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров халықты міндетті медициналық сақтандыру жүйесімен қамтудың өзекті мәселелері бойынша қалалық штабтың онлайн-отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Отырыс барысында биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша қалыптасқан жағдай және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың деректерін жаңарту бойынша қабылданған шаралар, сондай-ақ жұмысшылардың сақтандыру жүйесінен шығуын болдырмау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар қарастырылды.

Алматыда медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылғандардың саны 1,6 млн адам (78%), 450 мыңға жуық адам сақтандырылмаған.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, міндетті медициналық сақтандыру жүйесімен халықты қамтуды кеңейту мақсатында ағымдағы жылдың 8 айында қала тұрғындарымен және 13 мыңнан астам адамды қамтитын медицина қызметкерлерімен 7730 жеке консультация, 430 кездесу мен тренингтер өткізілді.

Сонымен қатар, жоғары оқу орындары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінде студенттердің бітіріп, оқуға түскендерін ескере отырып, олардың деректерін жаңарту бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Сондай-ақ, қаланың жоғары оқу орындарына жаңадан қабылданған студенттерге уақытша мәртебе берудің МӘМС жүйесіндегі қадамдық тіркеу алгоритмі түсіндірілді.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымын (МСАК) еркін таңдау бойынша тіркеу науқаны өткізу мәселесі қаралды. Бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Егер өткен жылы қалада 70 мың қараусыз халық болса, бүгінде ол 51 мың (14%-ға төмендеген).

Алматылықтар медициналық сақтандыру аясында қызмет көрсету үшін ағымдағы жылдың 15 қарашасына дейін 73 медициналық ұйымға қосылу мүмкіндігіне ие болды: 40 - мемлекеттік және 33 - жеке.

Талдау нәтижелері бойынша еңбекке қабілетті жастағы адамдардың сақтандырылмағандығы анықталды. Осыған байланысты әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров сақтандырылмаған азаматтарды қала экономикасына тарту бойынша жүргізіліп жатқан шешімдер аясында бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Қала аудандарының әкімдіктері Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен, Кәсіпкерлер палатасымен және аумақтық мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне ШОБ-дан аударымдардың уақытылы аударылуын бақылауды күшейтуі қажет.

Қоғамдық денсаулық, Әлеуметтік әл-ауқат басқармалары мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек департаменттеріне Республикалық электронды денсаулық орталығымен бірлесе отырып, тағайындалған тұрғындардың тізіліміндегі деректерді жаңарту үшін аулалық айналымды күшейтілген бақылауға алу тапсырылды.

NEET санатындағы студенттер мен жастардың мәртебесі жаңартылуын қамтамасыз ету (студенттер емес, жұмыс істемейтіндер және біліктіліктерін жоғарылатпайтындар).

Еске салсақ, медициналық көмек алу проблемаларын болдырмау үшін барлық азаматтарға Qoldau 24/7 қосымшасы, Saqtandyry телеграммалық боты және fms.kz сайты арқылы МӘМС жүйесіндегі мәртебесін тексеруге кеңес беріледі. Сақтандыру мәртебесі болмаған жағдайда, жарналарды төлеуді бастау ұсынылады.


Соңғы жаңалықтар