МӘМС: әр азаматқа жұмсалатын шығын 56 мыңнан 116 мың теңгеге дейін ұлғайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қазіргі жай-күйі мен МӘМС қаржысы есебінен жеткен нәтижелер жөнінде Медициналық сақтандыру қорының басшысы Айдын Ашуев айтып берді.

«Қаржыландырудың 2 еседен артық өскені арқасында 1 тұрғынға шаққандағы шығын 56 мың теңгеден 116 мың теңгеге дейін ұлғайды, тиісінше халықтың қалта шығыны 6,2%-ға кемуі байқалады.

Бұрын жеткілікті қаржыландырылмаған медициналық көмек түрлеріне қосымша қаржы бөлінді. Жоғарытехнологиялық медициналық қызметті қаржыландыру көлемі 3 есе, медоңалту мен косультативтік-диагностикалық көмек 11 есе ұлғайды», – деп атап өтті МӘМС қорының басқарма басшысы.

Бұл ретте медициналық қызмет көрсететін өнім берушілердің саны едәуір артты, оның ішінде жекеменшік нысанындағы медициналық ұйымдардың үлесі 27%-дан 51%-ға дейін өсті.

Сонымен қатар, Медсақтандыру қорының басшысы өнім берушілермен бірыңғай шарт жасасу және стратегиялық сатып алушы рөлін күшейту үшін ТМККК мен МӘМС қаржылық ағындарын біріктіру қажеттілігі жөнінде мәселе көтерді.


Соңғы жаңалықтар