МӘМС: Биыл кім қанша жарна төлейді
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгерді. Бұл туралы Медициналық сақтандыру қорының Алматы филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды Kazinform.
Филиал басшысы жарна төлеушілердің бірнеше санатын атап өтті. Біріншісі – мемлекет тарапынан сақтандырылатын 15 жеңілдік санаты.Оған балалар, зейнеткерлер, соғыс ардагерлері, барлық топтағы мүгедектер, «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы аналар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, декреттік демиалыста отырған аналар, мүгедек бала күтіміне байланысты жұмыс істемейтін азаматтар, студенттер және тағы басөалары кіреді.
Жеңілдік берілген халықтың жалпы саны 11 млн-ға жуық. 2024 жылы мемлекеттің бір азаматқа төленетін жарнасы айына 5852,63 теңге.
«Атап айтқанда, биыл жұмыс берушілер қарамағындағы қызметкерлер үшін бұрынғыша, жалақының 3% мөлшерінде аударым жасайды.Төлемнің шекті мөлшері 10 ЕТЖ немесе 25 500 теңгеден аспайды. Жұмыс беруші аударымды өз қалтасынан төлейді. Ал, жұмыскерлер жалақысынан 2% ұстап Қорға аударады. Жарнаның шекті мөлшері 10 ең төменгі есептік көрсеткіш немесе 17 000 теңгеден аспауы тиіс. Одан кейінгі санат – жеке кәсіпкерлер. Нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар да осы санатқа кіреді. Олар бұрынғыша 1,4 ең төменгі жалақынының 5 процентін төлейді. Биыл ең төменгі жалақының өсуіне байланысты бұл сома 5950 теңгеге жетті», - деді Тілеухан Әбілдаев.
Азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндер сақтандыруға бұрынғыша табысының 2% аударады.
«Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар бар. Бұл азаматтар сақтандыру жүйесіне қосылу үшін екі түрлі әдісті пайдаланса болады. Біріншісі – дербес төлеуші ретінде бір ЕТЖ-ның 5% немесе 4250 теңге төлеу. Екіншісі - жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және жарналарды жеке кәсіпкер ретінде төлеу», - ол.