МӘМС: Дәрігерге жазылатын адамның шекті саны болады

Осыған байланысты кезекке тұратын адамдардың шекті санын белгілеу жоспарланып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Қазіргі кезде дәрігердің қабылдауына тіркелу бойынша арнайы стандарт бар. Оған сәйкес, бір дәрігерге 2000 пациенттен келеді. Алдағы уақытта біз аталған көрсеткішті 1500-ге дейін түсіреміз. Демек, барлығы толығымен медициналық сақтандыру жүйесіне көшкенде адамдар нақты бәр дәрігерге жазылады да, лимиттен асып кеткенде басқа дәрігерді таңдау қажет болады", - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслиxатында.
Айта кетейік , отырыс кезінде Елжан Амантайұлы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша есеп берді. Ал Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев міндетті медсақтандыруды түсіндіру жұмыстарынжандандыруды тапсырды .