МӘМС шеңберінде аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін шот ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін арнайы шот ашылды, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.

МӘМС шеңберінде аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін шот ашылды

Ондағы деректерге қарағанда, осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Барлық жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустер өздері үшін және өз қызметкерлері үшін аударымдар мен жарналарды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын болады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері базасында аударымдар мен жарналарды есептеу және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын операторы болып белгіленді.

Жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін, төлеушілерге міндетті аударымдар мен жарналар бойынша төлем тапсырмаларын қалыптастыруға көмектесін «Міндетті әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарын есептеу» автоматтандырылған арнайы жүйесі әзірленді. Оны https://gov4c.kz/programmnye-produkty сілтемесі бойынша өтіп, тегін орнатуға болады.