МӘМС-тен тыс тегін тексерілу мүмкіндігі болады - министрлік

врач
Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Әлеуметтік мәні бар ауруға шалдыққан адамдарға медициналық көмек жасау мақсатында нормативтік базаға өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде медицина саласын талқылауға арналған жиында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.

Ведомство басшысының айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, әлеуметтік мәні бар ауруға шалдыққан адамдарға медициналық көмек жасау мақсатында нормативтік базаға өзгерістер енгізеді. 

Бұл тұрғыда А. Әлназарова осыған дейін диагнозды анықтау бойынша, яғни клиникалық-диагностикалық зерттеулер алу бөлігінде медициналық көмекті емін-еркін алуға қатысты халықтан көптеген шағым болғанын айтты.

Сондықтан әлеуметтік мәні бар ауруға шалдыққа адамдарға МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан, емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес диагностикалық зерттеулер тегін негізде болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елімізде МӘМС жарнасын төлеуде өзгеріс болады. 

 

Соңғы жаңалықтар