Мамыр айына дейін елімізде мал сою алаңдары толық қамтамасыз етілуі тиіс- Ө. Шөкеев

АСТАНА. Наурыздың 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Мамыр айына дейін елімізде мал сою алаңдары толық қамтамасыз етілуі тиіс . Бүгін ҚР Парламенті Сенатында өткен «Өңір» депутаттық тобының отырысында вице-премьер Өмірзақ Шөкеев осылай мәлім етті,

Мамыр айына дейін елімізде мал сою алаңдары толық қамтамасыз етілуі тиіс- Ө. Шөкеев

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Заңдарға енгізілген өзгерістерге сәйкес, малдарды сою тиісті мал сою алаңдарында немесе пункттерінде жүзеге асуы тиіс. Наурыздың 9-ындағы мәліметтер бойынша республикамызда 952 мал сою алаңдары әзірленген. Бұл 2 мың 508 аудандық маңызы бар қалаларды, ауылдық округтерді есепке алғанда 37 пайыздық қамтамасыз етуді білдіреді. Бұл норманы жеделдету мақсатында мал сою алаңдарының құрылысы мен оларды қолданысқа енгізу кестесі бекітілді. Кесте бойынша ағымдағы мамырдың 1-інде біз мал сою алаңдарымен толық қамтамасыз етуге тиіспіз», деді Ө. Шөкеев.