Мамыр айында 80,3 мың адам жұмысқа қабылданып, 69,4 мың адам жұмыстан кеткен

АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жедел деректерге сәйкес, ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 2011 жылғы мамырда 80,3 мың адам қабылданды, түрлі себептермен - 69,4 мың адам жұмыстан кетті.

Мамыр айында 80,3 мың адам жұмысқа қабылданып, 69,4 мың адам жұмыстан кеткен

Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында өз еркі бойынша жұмыстан босатылғандар 82,1 пайызды, қызметкерлер санының қысқаруына байланысты - 1,9 пайыз, басқа себептер бойынша босағандар - 16,0 пайызды құрайды. Сонымен қатар, 2011 жылғы мамыр айында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,6 пайызды, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,3 пайызды, ал жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 1,9 пайызды құраған. Осы кезеңге жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 115,7 пайыз шамасында болып отыр.