Мамыр айында экономиканың құлдырау деңгейі бәсеңсіді - К. Мәсімов

None
None
ырдың 22-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Ағымдағы жылдың мамыр айында экономиканың құлдырау деңгейі бәсеңсіді. Қазіргі экономиканың жекелеген салаларында ауыз толтырып айтарлықтай ілгерілеушіліктер бар», деп мәлімдеді бүгін Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасы мен Жол картасын іске асыруға арналған жиын барысында,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Премьер-Министрдің айтуынша, елімізде ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 5 айдың ішінде 3 пайыздан астамға өсті. Ал негізгі капиталға деген инвестициялар 7,4 пайызға, мамыр айында 10,8 пайызға артты. Сондай-ақ халықтың ақшалай кірісінің өсімі сәуір айындағы көрсеткіштер бойынша 4 пайызға жетті. «Еліміздегі жалдамалы жұмысшылар саны 3,4 пайызға өсіп, 100 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. 5 айдағы инфляция деңгейі 3,5 пайызды құрады. Біз ең төменгі экономиканың құлдырау жағдайына жол бермей дағдарыстан кейінгі дамуға қажетті алғышарттар жасай білдік», деді К. Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар