Мамыр айында ел аумағында 59 796 автомобиль тіркелді
АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Мамырда республика аумағында 59 796 автомобиль тіркелді. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
«2012 жылдың мамырында республикада 59796 жеңіл автомобиль тіркелді әрі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,9 пайызға төмен», - деді ол.
Агенттік басшысының атап өтуінше, ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша елімізде 6 668 мың жеңіл автокөлік бар.