Мамыр айында елімізде 65 107 жеңіл автомобиль тіркелді

АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2011 жылғы мамырда республикамызда 65 107 жеңіл автомобиль тіркелді.

Мамыр айында елімізде 65 107 жеңіл автомобиль тіркелді

Статистика агенттігінің деректеріне қарағанда, бұл көрсеткіш өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 46,9 пайызға жоғары.

Ал 2011 жылғы 1 маусымдағы жағдайы бойынша жеңіл автокөліктің қолда бар саны 3 млн. 264,4 мың бірлікті құрады.

Автокөліктердің мамыр айында ең көп тіркелуі Алматыда орын алған. Қала бойынша тіркелген көліктер саны 12 мың 382 болса, оның 11 мың 888-ін жеке тұлғалар тіркеген. Ал Астанада есепті кезеңде тіркелген көлік саны 5 мың 913-ті құрайды. Бұндағы жеке тұлғалардың атына тіркелгендері - 5 мың 667.